Әлеуметтік желіде ер адам мысықты мылтықпен өлтіріп, киікті мойнынан бауыздап жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бұл жағдай Өзбекстанда болғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ке сілтеме жасап.
"Телеграм-арнасында Ферғана облысында И. есімді ер адам әлеуметтік желіде мысықты мылтықпен өлтіргені, сонымен қатар, камера алдында киікті бауыздап жатқанын көрсеткен видео жариялады. Ферғана облыстық департаменті мен Табиғи ресурстар министрлігі ер адамды бұл әрекеті үшін жауапқа тартады деп үміттенеміз", - делінген Ekolog.uz Тelegram-арнасында.
Басылым мәліметінше, құқық қорғау органдары мен Табиғи ресурстар министрлігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!