Қарағанды облысында тұрғынға әкімдіктен әбден тозып жетіп тұрған үй берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір тұрғыны жіберген кадрлардан үйдің адамшошырлық жағдайда екені, қирап тұрғаны көрінеді. Сондай-ақ, оның айтуынша, баласы церебральды сал ауруына шалдыққан.
"Қарағанды облысынанбыз. Мүмкіндігі шектеулі баламыз бар. Құжатты толық ауыстырған жоқпыз. Бұл үйге көп ақша құйдық. Әлі күнге кредит төлеп отырмыз. Құжаттары әкімдіктің атында. Үй апат жағдайында тұр. 2 қабатты үй, төменгі қабаттағы пәтерде ешкім тұрмайды. Үйдің төбесі құлағанда, ол пәтерге толық жөндеу жасалмаған. Сөйтіп, ол үй жабық тұр. Терезелерінің алды құлап тұр. Біздің еден - олардың төбесі. Біздің еден де төмен қарай түсіп тұр. Амал жоқтықтан, пәтер төлемей, әйтеуір кредит болса да өзіміздің үй болады ғой деп осы үйді келісіп алған болатынбыз. Кезекпен берілді, ештеңе төлеген жоқпыз. Мүмкіндігі шектеулі баламыз болғандықтан, кезекке тұрдық", - дейді қарағандылық.
Өңір тұрғыны үйді жөндеуге 2 миллионнан аса қаржы жұмсағандарын жеткізді.
"Енді үйді өз атымызға аударамыз ба деп отырмыз. Бірден бермейді. Сот процесі жүреді", - дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!