- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адамның сүйікті түсі...
Адамның сүйікті түсі ол жайлы не айтады?
Түрлі-түсті киімдердің адамның өзіне және басқа адамдарға қандай әсері бар? Кейде адамның қандай түс таңдағанына байланысты ол жайлы мәлімет алуға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
60-жылдары американдық профессор Александр Штраус түс адамның көңіл күйі мен әрекетіне қалай әсер ететінін анықтағысы келеді. Ол қызғылт түстің нақты реңкі тыныштандыратынын және тіпті жүрек соғысының жиілігін түсіре алатынын байқайды. Бірнеше жыл өткен соң ғалым тәжірибе жүргізуді шешеді: ол түзеу орындарындағы қабырғаларды қызғылт түске бояйды. Тәжірибеге қатысуға әскери түрмелердің басшылары Джин Бейкер мен капитан Рон Миллер де келіседі.
Штраус өзінің сиқырлы реңкін солардың құрметіне "Бейкер-Миллердің қызғылт түсі" деп те атаған. Бұл түстің күші бар екені анықталады: агрессивті әрекет төмендеуі үшін қызғылт қабырғалардың ортасында 15 минут отыру жеткілікті болған.
Қызғылт түстің бұл реңкі агрессия және тітіркену тудырмайды, керісінше, жайлылық және тыныштық сезімін сыйлайды.
Ал психолог Ирина Ковалева өзінің телеграм-каналында адамның сүйікті түсі ол жайлы не айтатынына тоқталды.
Қара түс – теріске шығару, мойындамау. Сондықтан да жасөспірімдер осы түсті жақсы көреді. Бұл бүлікшілікті, қырсықтықты білдіреді. Қара киім киіп алған адам энергия шашпайды және басқаның энергиясын қабылдамайды. Бұл басқалардың назарынан және энергиясынан жасырынғысы келетін адамдардың түсі.
Қара түс адамды арықтатып көрсетеді деп саналып келді. Бірақ стилистер бұл пікірді жоққа шығарды. Қара түс кемшіліктеріңізді жасырмайды, керісінше, айқындайды және дене пішініңізді визуалды түрде ауыр етіп көрсетеді.
Сұр түсті киімді жақсы көретін адамдар өмірдің мейрамында өздерін бөтен сезінеді. Мұндай адамның басты мақсаты – тұрақтылық. Әдетте бұл шаршаңқылық және алға қарай жылғысы келмеуді білдіреді. Ал ашық сұр түс адамның еркіндікті жақсы көретінін және жаңа байланыстарға дайын екенін көрсетеді.
Ақ – жаңашылдық түсі. Өзгерісті қалайтын адамдар ақ киімдер кие бастайды. Бұл еркіндік, проблемаларды шешу, алға жылжу, жаңару түсі.
Қоңыр түсті жақсы көретін адамдар тәжірибелерге, тәуекелдерге қиын барады және өмірдегі өзгерістерді ауыр қабылдайды. Жиі адамдар ұжымға немесе жүйеге еніп кету үшін қоңыр түсті киеді, бірақ кейін батыл бола түсіп, гардеробты ашық реңктермен толықтырады.
Күлгін түсті түсіну қиын. Күлгін түсті өте көп киетін адамдар әдетте жұмбақтылыққа тартылады және құпияларға бейім.
Қызыл – белсенділік және біріншілік түсі. Олар – максималистер, олар құмарта сүйеді, құмарта сенеді және құмарта жек көреді.
Қызғылт-сары – адамдардың бір-біріне деген сенімділігінің, мақұлдауының түсі. Ол тонуста ұстайды, апатиядан құтқарады, өмірлік күшті ынталандырады. Бұл психотерапиядағы ең жақсы түстердің бірі.
Көк – тыныштандыратын түс. Егер адам қатты шаршаса, демалыс қажет болып жүрсе, оны көк түске тарта бастайды. Бірақ гардеробта тек көк түстердің болуы меланхолия мен жабырқаңқылықты білдіруі мүмкін. Бұл адамның қиын жағдайда екенін білдіруі мүмкін.
Жасыл – тұрақтылық түсі. Бұл түс өзін-өзі құрметтейтін және өз ақыл-ойымен әрекет етуге бейім адамдарға сәйкес келеді.
Алайда, хаки түсі - жауынгердің түсі. Хакиді жақсы көретін әйел күнделікті істерден шаршады, ол өзгерісті қалайды. Сонымен қатар, хаки түсті өзіне назар аударғысы келмейтін сенімді адамдар жақсы көреді.
Сары түсті жақсы көретін адамдар жаңа белестерге ұмтылады. Егер сары түс сізді тітіркендірсе, бұл жүйкеңіздің шаршағанын білдіруі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Балалар бөлмесінің қабырғасын қалай безендіруге болады?
А. Жапатова