Мамандардың сөзінше, адамның бет әлпетіне қарап оның мінезі қандай екенін білуге болады. "Доктор Питер" сайтының мамандары бет әлпетке қарап мінезді қалай анықтауға болатынын зерттеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер бетіңіз дөңгелек болса, демек сіз мейірімді, жомарт және жанашырсыз, көбіне басқа адамдардың бақытын өзіңізден жоғары қоясыз.
Бетіңіз шаршы тәріздес болса, сіз жігерлісіз, көшбасшыға қажет барлық қасиетке иесіз және стреске төзімді болып келесіз.
Егер сіздің бетіңіз сопақ болса, онда сіз стереотиптер мен белгілерді жек көресіз.
Ал бет әлпеті жүрек тәрізді адамдар креативті, қыңыр, жүрегі мейірімді және эмоционалды интеллектті жоғары болып саналады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!