“Адамгершілігі бір бөлек“. Димаш Құдайберген құтқарып қалған оператор алғыс білдірді

“Адамгершілігі бір бөлек“. Димаш Құдайберген құтқарып қалған оператор алғыс білдірді
Фото: әлеуметтік желіден

Астанада өткен жеке концертінде Димаш Құдайбергеннің сахнадан құлайын деп тұрған оператор жігітті "құтқарып қалған" сәті видеоға түсіп қалған. Сол оператор жігіт әншіге алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Иә, барлығыңыз көргендей, бұл жағдайдағы оператор жігіт мен боламын. Сахнаның шетінде тұрғанымды байқап, ұстап қалуға тырысқан Димаш ағаға рақмет! Алла әр кез өзіңізге жар болсын! Ал құрметті мобилограф, видеографтар жұмысымызда барынша сақ болайық!", - деп жазды Нұрасыл Бектұрғанов есімді оператор жігіт әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Оператор жігіт парақшасында арнайы видео жариялап, Димаш Құдайбергенді белгілеп, рақметін айтқан. 

"Иә, оның әншілігі мен талантына сөз жоқ. Бірақ оның адамгершілігі бір бөлек әлем", - деп жазды ол видеода. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МОБИЛОГРАФ | ДРОН | АСТАНА (@nurasyl_bekturganov)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева