"Адамға ең керегі бостандық пен денсаулық". Серік Ибрагимов бостандықтың қадірі туралы жазды

"Адамға ең керегі бостандық пен денсаулық". Серік Ибрагимов бостандықтың қадірі туралы жазды
Фото: instagram.com/ibragimovserik/

Танымал әнші Серік Ибрагимов әлеуметтік желіде бостандықтың қадірі туралы жазба қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соңғы уақытта танымал қазақстандық әншілердің қамауға алынуы жиілеп кеткеннен болса керек, жұлдыздар денсаулық пен бостандықтың қадірі туралы жаза бастады. 

Жақында әнші Серік Ибрагимов: "Адамға ең керегі бостандық пен денсаулық", - деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін де әнші Қытайда жүріп "ұсталғаны" туралы жазған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget