- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адамды мас қылатын...
Адамды мас қылатын құлаққап. Құрылғыны жасаушымен эксклюзив сұхбат
Қазіргі таңда отандастарымыз ерекше құрылғы ойлап тапты. Ол цифрлы ішімдік яғни сіз құлаққапты киіп бас айналу, босаңсу сезімдерін бастан өткересіз. Құрылғыны жасаушылардың бірі Ярослав Гащенко бұл технологияның негізгі жұмысы туралы айтып Massaget.kz тілшісінің бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Бұл құрылғы құлаққап оны басқаратын арнайы жасалған мобильді қосымшадан тұрады.
"Бұл құрылғының бір ғана мақсаты бар - стрессті жеңілдету және жүйке жүйесін босаңсыту. Бірақ біз бұл құрылғыдағы микротоктардың әсерімен адамдарға жеңіл алкогольдік мас күйіне өте ұқсас бас айналу сезімін тудыра аламыз. Құлаққапты таққан кезде өзіңізді жеңіл сезінесіз", - деп түсіндірді ол.
Мұндай құрылғыны құру идеясы 2018 жылы туып, жүзеге асырыла бастаған.
"Алғашында жүздеген эксперименттер жасауға тура келді. Біз дененің әртүрлі нүктелерін және жүйке жүйелерін зерттедік. Мың түрлі әрекеттер мен эксперименттерден кейін біз релаксация әсерін беретін екі нүктені таптық. Бұл құрылғыны мақсатты пайдалану миды тыныштық күйге келтіру, яғни таңертең оянғанда сезінетін толық тыныштық. Егер адам жаман эмоцияларды сезінсе, онда оны тұрақтандыру үшін оған қуаныш сыйлау үшін осындай құрылғыны жасадық. Адам үшін кез - келген сезім ми үшін стресс болып табылады. Ал біз тыныштық орнатуға тырысамыз", - деді ол құрылғыны таныстырып.
Ярослав бұл құрылғыны Екатеринбургтегі көрмеде таныстырғанын және аппараттың атын шығару үшін әдейі "масайтатын құрылғы" деп атағанын айтты.
"Көрмеде халықтың назарын өзімізге бұру үшін әдейі адамды мас қылатын құрылғы деп айттық. Негізінде бұл технологияның алкогольға ешқандай қатысы жоқ. Себебі бұл құрылғының мәні басқа. Болашақта бұл технология психикалық ауытқуы бар адамдарға көмектеседі деп үміттенеміз", - деп атап өтті Гащенко.
"Қазіргі уақытта әлемде осындай 50 құлаққап бар. Бұл құрылғыларды негізінен ғылыми орталықтар, мамандандырылған университеттер мен институттар, сондай-ақ жеке психиатриялық клиникалар сатып алады. Бұған дейін Екатеринбургтегі халықаралық өнеркәсіптік көрмеде Қазақстан өкілдері цифрлық алкогольді таныстырғаны хабарланған болатын. Технология арнайы киіз үйде сыналды. Адам алты секундтан 20 секундқа дейінгі дыбысты ойнататын нейрондық құлаққап киеді. Бұл сигналдар адамның вестибулярлық аппаратына әсер етіп, релаксация мен тербеліс сезімін тудырады", - деп аяқтады сөзін құрылғы жасаушы маман Ярослав Гащенко.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы