- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Адамдары мейірімді". Ресейлік...
"Адамдары мейірімді". Ресейлік блогер Алматыға неге ғашық болғанын айтты
Ресейлік блогер Татьяна Инюшинаның Алматы туралы видеолары Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды TengriMIX.
Татьяна жұбайымен бірге Алматыда жарты жылдан бері тұрып жатыр. Осы уақыт ішінде олар қалаға және оның тұрғындарына ғашық болған. Ол Алматы туралы видео түсіріп, мұнда болғанына қуанатын бірнеше себепті көрсеткен. Видео TikTok-та жарияланған.
"Алматыда жарты жыл тұрдым, міне, маған қатты ұнайтын нәрселер. Біріншісі, әрине, әдемі табиғат. Қаладан небәрі 20 минут жерде қайда тап болатыныңызды қараңыз", - дейді ол видеода.
Татьянаның айтуынша, ол ұзақ уақыт Санкт-Петербургте тұрған, сондықтан оларды салыстыра алады.
"Питерден келген адам үшін күн көп нәрсені білдіреді. Одан кейін, әрине, адамдар! Мұнда барлығы өте мейірімді. Олар мейрамханада әрқашан дәм татқызады, көмектеседі, сен үшін төлеп жібереді", - деді ол.
Татьяна қазақ тағамдарына, әсіресе "бауырсаққа" ғашық болғанын мойындайды. Ал Алматы туралы ролик қазірдің өзінде 200 мыңға жуық қаралым мен 10 мың лайк жинаған.
@tanya_inyshina Были в Казахстане? ???
♬ оригинальный звук - Tatyna Inyshina
Татьянаға блогерліктен бөлек халық және кеңес әндерін де орындайтынын айтты.
"Мені көрермендердің қонақжайлылығы мен ықыласы таңғалдырды. Толық зал жиналады. Алматыда менің репертуарым сұранысқа ие болады деп ойламаппын. Мұнда адамдар көңіл көтеруді, ән айтуды және жақсы музыка тыңдауды ұнатады", - дейді ол.
@tanya_inyshina Видео с моего сольного концерта в Казахстане ??? В каком городе еще сделать концерт??
♬ оригинальный звук - Tatyna Inyshina
Сондай-ақ, ол осы уақыт ішінде қазақстандықтарға ұнаған контент түсіріп үлгергенін атап өтті.
Ж. Қадыржанова"Қазақстанда жұмысымды көбіне TikTok-та жариялаймын. Instagram екінші орында. Қазақстанда болған уақыт ішінде 350 мыңға жуық оқырман жиналғанына қуаныштымын. Әндерді қазақ тілінде орындаймын, жергілікті табиғатты көрсетемін. Сондықтан видеолар қаралым жинап жатқанына қуаныштымын", - дейді ол.