- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адамдарды тамақ арқылы...
Адамдарды тамақ арқылы улап жатқаны рас па?
Қазнетте адамдарға жақын арада жеген тағаммен бірге мРНҚ дозалары беріледі деген теория тарады. Молекулалар арнайы вакциналармен егілген жануарлардың етінде болады екен. Бұл - қате көзқарас, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Жануарларға арналған мРНҚ вакциналары әзірленіп жатқаны рас. Атап айтқанда, ірі қара малдың вирус ауруы - нодулярлық дерматитке қарсы вакцинаны нарыққа шығаруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл ауруға қарсы мРНҚ препараттын Австралияда пайдалану жоспарланып отыр, өйткені онда нодулярлы дерматитке қарсы басқа вакциналар жоқ.
Алайда бұл егілген жануарлардың етінде мРНҚ болады және оны жеген адамдар да вакцина "алады" дегенді білдірмейді.
Вакциналардағы мРНҚ молекуласы жасушаға вирус еніп, көбейетін ақуызды өндіруге бағытталған "нұсқаулық" беру үшін қажет. Осылайша иммундық жүйе патогенді "таниды" және одан қорғану үшін антиденелер қалыптастырады. Яғни ағзаға нақты вирус енсе, иммунитет оған төтеп бере алады. мРНҚ молекуласы өте нәзік. Ағзаға түсіп, өз қызметін атқарғаннан кейін ол ыдырап, толығымен жойылады. Бұл процесс бірнеше күнге созылады.
Демек егілген жануарлардың етін жеу арқылы адамдарға вакцинаның ешқандай компоненттері өтпейді. Бірақ олар жануардың қауіпті вирус жұқтырмағанына сенімді болады.
Демек таралған ақпарат жалған. Адамдарды жануарлардың еті арқылы мРНҚ-мен "уламайды". Біріншіден, бұл молекула зиянсыз, екіншіден, ол ағзада бірнеше күннің ішінде ыдырайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек