Желіде ет жеген адамдарды улау және өлтіру үшін малға мРНҚ вакциналары салынатыны туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Шынында мРНҚ технологиясына негізделген вакциналар ветеринарияда қолдану үшін әзірленіп жатыр. 2022 жылдың басында мұндай вакциналар әлі жасалмаған еді. Содан бері бұл саладағы жұмыстың ілгерілегені туралы жария етілген жоқ.
Дегенмен мұндай вакциналар жасалса да, бұл ет жейтін адамдар үшін аса қауіп тудырмайды.
мРНҚ молекуласы вакцина енгізілгеннен кейін бірнеше күннің ішінде ыдырайды. Бұл COVID-19 қарсы вакциналардың мРНҚ-сын зерттеу арқылы белгілі болды.
мРНҚ вакциналары адамдар үшін қауіпті емес және олар өлімге әкелмейді. Бүгінгі таңда әлемде COVID-19-ға қарсы 5.5 миллиардтан аса адам екпе алды. Олардың басым бөлігі мРНҚ препараттарын алды. Вакцинацияланғандар арасында жаппай өлім байқалмайды.
Демек, адамдарды өлтіру мақсатында малға мРНҚ вакциналары салынады деген ақпарат - жалған. Біріншіден, жануарларға арналған мРНҚ вакциналары әлі әзірленіп жатыр, екіншіден, мұндай препараттар адамдарды өлтірмейді, бұл оларды қолданудың ауқымды тәжірибесімен дәлелденген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!