- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Адамдарды жолдан ұстап,...
"Адамдарды жолдан ұстап, атып тастап отырған": Қазақстанда атышулы қылмыстық топтың соңғы мүшесі ұсталды
Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, яғни 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Банда мүшелерінің төрт адамның өлімі, жүргізушілерді тонау, экономикалық контрабанда және билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындау деректеріне қатысы болған. 6 адамнан тұратын топ қылмыстарын 26 жыл бұрын бастаған.
"1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің киім-кешектерін киіп алып, автоматпен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы тасжолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену үшін тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын. Денелерді орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал көліктерді заңсыз сатқан", - деп жазылған хабарламада.
1999 жылы банданың төрт мүшесін полиция қызметкерлері ұстады. Кейін сот үкімімен олардың екеуі өлім жазасына, екеуі ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды.
Топтың бір мүшесі құжаттарын, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын заңсыз өзгерткен, тіпті түріне өзгеріс енгізген. Осылай 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
27 қаңтарда топтың соңғы қатысушысы Көкшетауда ұсталды. Қазір қажет тергеу рәсімдері жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова