Маньяк Иван Продан бостандыққа шыққаннан кейін жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SHOT-қа сілтеме жасап.
Құрбандарын өлтірер алдында гипноз жасайтын маньякқа федералды іздеу жариялануы мүмкін, себебі оның қазір қайда жүргені белгісіз.
"56 жастағы Продан 25 жыл жазасын өтеп, 20 сәуірде бостандыққа шыққан. Алайда ол бостандыққа шыққаннан кейін тұрғылықты мекен жайы бойынша полицияда тіркелмеген", - дейді дереккөз.
Иван Проданға тиесілі жалғыз құжат - паспорты. Маньяк құжатты бостандыққа шығар алдындажарты жыл бұрын алған. Колонияда маньякқа тіркелу үшін қажет құжаттар берілген, алайда ол әлі күнге дейін келмеген. Қазіргі таңда оның қай аймақта жүргені белгісіз.
Иван Продан Молдавияда туған. Бірақ елден 1993 жылы кетіп, Ресейде жүрген. Ол қылмыс әлемінде 17 адамды зорлап, тонағанымен белгілі. Кейбір деректер бойынша, оның әйелі қызын алып кетіп қалғаннан кейін нәзік жандыларға өшпендігі пайда болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз