Әнші, актриса Жанар Айжанова өзін актер Асқар Наймантаевқа қосқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған жазбада Асқар Наймантаев Жанар Айжановамен көңіл қосқанын хабарлағаны айтылады. Алайда әнші бұл жазба авторын айыптады.
"Қазір адамдардан ұят кеткен бе, өздеріне тіркеу үшін бәріне дайын. Мынау не сөз? Не шулатып, жұртты ақымақ қылып отырсыңдар? Автор сен қасиеті қашқан, өтірікші, бетсіз мақұлық екенсің. Бұл "Қызғалдақ" деп аталатын, түсіріліп жатқан сериал ғой", - деп жазған әнші Желіде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!