“Адамдар терезеден шығуға мәжбүр болған“. Шымкентте сауда үйі өртенді

Шымкентте ойын-сауық орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Төлеметов көшесіндегі ойын-сауық орталығында болған.

"Өрттің ауданы - 270 шаршы метр. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деді ТЖМ өкілдері.

БАҚ мәліметінше, үш қабатты ғимараттың екінші қабатында өрт шығып, фитнес залдағы адамдар терезеден шығуға мәжбүр болған.

Өртсөндірушілер 5 адамды құтқарған. Түтінге тұншыққан 6 адам ауруханаға жеткізілген, біреуінің жағдайы ауыр. 

Суреттер: ТЖМ баспасөз қызметі 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!