Шымкентте ойын-сауық орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Төлеметов көшесіндегі ойын-сауық орталығында болған.
"Өрттің ауданы - 270 шаршы метр. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деді ТЖМ өкілдері.

БАҚ мәліметінше, үш қабатты ғимараттың екінші қабатында өрт шығып, фитнес залдағы адамдар терезеден шығуға мәжбүр болған.

Өртсөндірушілер 5 адамды құтқарған. Түтінге тұншыққан 6 адам ауруханаға жеткізілген, біреуінің жағдайы ауыр.
Суреттер: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова