Бүгін Алматыдағы Ақкент тұрғын үйінде өрт шықты. 6-7 адамды құтқарып қалған Тілеужан Ахметжан оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тілеужан Ахметжан 6-7 адамды қалай құтқарып алғанын айтты. Ол 1 жасар баланы, көршінің отбасы, бір жігітті және полиция қызметкерін құтқарған.
"Түтіннің иісі шықты. Қолымыздан келгенше тез әрекет етуге тырыстық. Барлық көрші бала-шағасын алып жүгірді, үлкен кісілерді, кішкентай балаларды алып түсуге тырыстық. Бірнеше адамды құтқарып қалдық. Құтқарушы қызметкерлер келді, соларға көмектестік. Жазым аяқ астынан ғой. Қолымыздан келгенін жасадық. Терезеден секіріп жатқандар болды. Жігіттер болып, матрац жайып құтқаруға тырыстық", - деді ол.
Еске салайық, бүгін Алматыдағы Ақкент тұрғын үйінде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!