Америкалық гастроэнтеролог Саурабх Сети таңғы ас кезінде ас қорытуға зиян келтіретін қателерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, ең үлкен қате - таңғы ас жемеу. Ас арасындағы ұзақ үзілістер семіздікке, 2-типті қант диабетіне және жоғары қан қысымы қаупін арттырады. Бұған қоса, іш қату, кебу және іштің ауруы мүмкін.
Сондай-ақ, гастроэнтеролог ашқарынға кофе ішпеуді ұсынды, өйткені ол қыжылды күшейтеді. Оянғаннан кейін алдымен бір стақан су ішіп, жеңілдеу бірнәрсе жеген дұрыс, содан соң ғана бір кесе кофе ішіп, толыққанды таңғы ас ішу қауіпсіздеу болады.
Сети таңертең құрамында ақуызы бар тағамды (мысалы, жұмыртқа), көмірсулар сұлы жармасын жегеннің маңызын атап өтті, сондай-ақ аздаған дән немесе жаңғақ қосуға болады деді. Ал дайын тәтті жүгері таңғы асқа жеу - қате деп санайды. Шырындарды да шамадан тыс ішпеуге кеңес береді, себебі олардың қант мөлшері көп, пайдасы шамалы.
Бұдан бөлек, маман асығып жүріп немесе жүріп бара жатып тамақ ішу дұрыс емесін айтты. Бұл ас қорыту процесін нашарлатып, ағзаның қоректік заттарды сіңіруін тежейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!