- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адамдар есірткі жасау...
Адамдар есірткі жасау үшін балаларды азаптап өлтіретіні рас па?
Әлеуметтік желілерде адамдар адренохром есірткісін жасау үшін мыңдаған баланы өлтіріп жатыр деген ақпарат тарады. Онда бұл есірткі балаларды азаптағанда бөлінетін гипофиз безі арқылы жасалатыны айтылған. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Адренохром деген не?
Конспирологтардың айтуынша, бұл затта жұмбақ және қорқынышты дәнеңе жоқ. Адренохром - бұл адреналиннің тотығу өнімі, бұл баланың да, ересектің де ағзасында өндіріледі.
Адренохромды алу үшін біреуді азаптаудың да, өлтірудің де қажеті жоқ. Затты зертханада оңай синтездеуге болады. Адренохромның есірткі немесе жасартатын қасиеті жоқ. Оны эйфория сезіну үшін қолдану мүлдем мағынасыз.
Шынайы өмірде адренохром қан кету бұзылыстарын емдеу және зертханалық жағдайда түрлі ғылыми эксперименттер жүргізу үшін қолданылады.
Адренохром - бұл зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болған адамның ағзасында ғана өндірілетін өте күшті есірткі деген теория Хантер Томпсонның 1971 жылы шыққан "Лас-Вегастағы қорқыныш пен жеккөрушілік" ("Лас-Вегастағы қорқыныш пен жиіркеніш" деп те аталады) кітабында жазылды. Сонымен қатар, Томпсон адренохромның есірткі қасиеттері мен оны алу тәсілі толығымен ойдан шығарылғанын айтқан. 1988 жылы Томпсонның еңбегіне негізделген фильм көрерменге жол тартты. Ол тіпті басты кейіпкерлердің адренохромды қолдану көрінісін көрсетті. Кейіннен режиссер Терри Гиллиам адренохромның есірткі емес екенін білмегенін айтқан. Ол адренохром Томпсон ойлап тапқан есірткі деп ойлаған.
Қазір сирек кездесетін есірткіні алу үшін балаларды өлтіріп, азаптайтыны туралы идеяларды АҚШ-та қауіпті культ деп танылған QAnon ауқымды конспирологиялық теорияны жақтаушылар қолдайды.
Жақтаушылардың айтуынша, адренохром - бұл кішкентай балаларды ұрлап, азаптап, өлтіру арқылы алынатын есірткі. Бұл идеяларға сенбеген жөн. Олар ғылым мен ақылға қайшы келеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек