Адамнан айла артылған ба? Су астында жүріп адамдардың сөйлесуі және естуі мүмкін емес жағдай. Орындалған күннің өзінде дауыс толқыны су астында жұтылып, тұнық естілмей кетеді. Ол үшін арнайы құрылғы пайдаланылып келген. Ал халықаралық арнайы мамандар тобы қарапайым ғана су астында адамдардың даусын естуге мүмкіндік беретін, бірнеше метр жерден тыңдауға болатын құрылғы ойлап тапты. Жаңа құрылғы жиіліктерге негізделіп жасалған. Ол жиілік құрылғыдағы арнайы мембранда орналасқан алюминий пластикасына барып ұрылады. Ал жасалған жаңа құрылғыны құлақ ішіне тығып пайдалануға болады. Ол тек су астындағы емес, су үстіндегі дыбыстарды да еститін болады. Алғашқы кезде адамдардың су астында дауысты есту мүмкіндігі 30%-ға дейін төмендеп тұрған болса, жаңа құрылғы бұл пайыздық көрсеткішті 6%-ға дейін түсірді.