Адамдар демалыс күндерін неліктен диванда жатып өткізеді? Психолог жауабы

Егер сіз бос уақытыңызды және демалыс күндеріңізді телефон қарап өткізетін болсаңыз, сізге не рахат әкелетінін түсінбеуіңіз мүмкін.

Психолог Михаил Лабковский өзінің телеграм-каналында мұның себебін түсіндірді.

Сарапшы атап өткендей, бақытсыз өмір сүрудің көптеген жолы бар. Күндерді диванда отырып, төбеге немесе телефон экранына қарап отыру - соның бірі ғана.

Кейде өмір мәнін жоғалту және жанның бос болуы, мазасыз ойлар, тұрақты шаршау және апатия депрессияның алғашқы белгілері болуы мүмкін. Сондықтан, егер бұл жағдай ұзақ уақытқа созылса, мамандардан көмек сұрау керек.

Тағы бір нәрсе, егер сіз үнемі "Мен ештеңе істегім келмейді" дегеннен "Мен мұны істеп көремін, мүмкін маған ұнайтын шығар" деп айтуыңыз керек. балалық шақтан ата-аналар балалыран қатысты шешімді өздері таңдайды. Кейбір ата-аналар тіпті баласының мамандығында өздері алдын ала шешіп қояды.

Нәтижесінде адам шешім қабылдауға мүлдем қабілетсіз болып өседі. Мұндай адамдар үнемі айналадағы достарына қарайды. Олар шынымен не қалайтынын түсінбейді, сондықтан басқа адамдардың мақсаттары мен армандарымен өмір сүреді. Мұндай стратегия, өкінішке қарай, бақыт әкелмейді.

Өз қалауларыңызды жүзеге асырудан қорықпаңыз және басқа біреудің пікірі мен айыптауынан үнемі қорқуды доғарыңыз. Армандарыңызды анықтауға тырысыңыз және қайсысы шынайы рахат, ал қайсысы елес екенін түсінуге тырысыңыз. Қысқаша айтқанда өз қалауыңыз бен талғамыңызды құрметтеңіз, сонда ғана өмір қызық болады.