Ақтөбеде ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде қаңғыбас итті пышақпен аяусыз тілгілеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 10 шілдеде Рысқұлов көшесінде болған.
Еріктілер полиция қансырап жатқан итті бір сағат бойы өздеріне бермегенін айтып отыр.
"Бізге Қарлығаш деген қыз хабарласып, Рысқұлов көшесінде иттің қан-жоса болып жатқанын айтты, бірақ ол тірі екен. Біз жеттік, ондағы баспалдақтың бәрі қан! Ол жерде полиция қызметкерлері жүрді, көмек сұраған қыз да болды. Итті кескілеп тастаған алған пәтеріне қамалып алған. Біз итті алып кеткіміз келді, бірақ полиция тергеу жүріп жатқанда оны бермейтінін айтты. Ит көп қан жоғалтты емес пе, оған шұғыл көмек қажет еді", - деді ерікті Людмила.
Ескерту! Видео ауыр әсер етуі мүмкін.
Еріктілердің айтуынша, ер адам осы әрекетінен кейін пәтеріне жасырынып қалған. Төтенше жағдайлар министрлігі келген кезде оны мас күйінде анықтаған.
Полицейлердің айтуынша, итке қажетті көмек көрсетілген.
"Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
Жазба астындағы пікірлерде Желі қолданушылар еріктілерге алғыс айтып және мұндай оқиғалардың болып жатқанын түсіне алмай дал болып жатыр:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!