Темір - адам ағзасы үшін маңызды микроэлемент. Оның жетіспеуі созылмалы шаршау мен денсаулықтың нашарлауына әкеледі. Ағзадағы темір гемоглобиннің бір бөлігі және қан түзу процесіне қатысатын элемент. Эндокринолог Роман Терушкин темір тапшылығы адамдарда сырттай анық байқалатынын айтады, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
"Темір жетіспейтін адамдарда тері құрғақ, бозарып, еріні жарылғыш келеді. Темір деңгейінің айтарлықтай төмендеуі кезінде көздің асты көгеріп, адам артық салмақ қосып, арықтауы қиын болады. Шаштың сапасы да нашарлайды", - дейді эндокринолог Роман Терушкин.
Роман Терушкин темір тапшылығы кезінде дененің барлық мүшесін оттегімен қамтамасыз ету процесі бұзылатынын, адамда әлсіздік, бас ауруы, айналуы, жүрек соғысының жиілеуі, демігу, ауыр затты көтере алмау, тәбеттің және жұмыс пен оқу қабілетінің төмендеуі, терінің құрғауы, шаштың түсуі байқалатынын айтады.
Темір жетіспеуінің басты себебі - құрамында темірі бар тағамдардың азық-түліктер арасында болмауынан теңгерімсіз тамақтану. Вегетарианшылыққа деген құмарлық, қатаң диетаға бейімделу темір тапшылығын тудырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!