Адам ұрлау дерегіне қатысы бар: Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болғандар ұсталды

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болғандар әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп, 27 наурызда адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегіне қатысты жедел тергеу жүргізді.

"Нәтижесінде барлық күдікті ұсталды. 17 тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан атыс қарулары, соның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар, Калашников автоматы, 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Жедел ақпаратқа сәйкес күдіктілер тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге қысым көрсету үшін пайдаланбақ болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!