Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Антикор мәліметінше, жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады.
Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілген.
Гүлмира Сатыбалды оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді.
Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы дерек бойынша да соталды тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді.
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!