Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Алматы қалаларында ауыр, аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша айып тағылып отыр.
"Алматы қаласындағы эпизодтардың бірінде қаскөйлер жергілікті тұрғынды ұрлап, күш қолданып, одан 12 млн теңге талап еткен. Бизнес өкілдеріне қысым көрсету, оларды қорқыту мақсатында көліктерді өртеу дерегі тіркелді", - деді полиция.
20-дан аса тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, суық қару және өзге де заттай дәлелдер тәркіленген.
Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова