Адам ұрлады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар ресейлікті Грузиядан экстрадициялады.

Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді.

Қаскүнем үш жылдан аса уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған.

Биыл қыркүйекте ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!