Адам ұрлады, басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Жыл басынан бері ҰҚК полиция және прокуратурамен бірлесіп, еліміздің бірқатар өңірінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 169-дан аса адам, соның ішінде топ жетекшілері ұсталған.

"Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды. Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!