Жыл басынан бері ҰҚК полиция және прокуратурамен бірлесіп, еліміздің бірқатар өңірінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 169-дан аса адам, соның ішінде топ жетекшілері ұсталған.
"Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды. Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова