Зерттеушілер адам сізді алдап тұрғанын қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Голландиялық ғалымдар зерттеу жұмысы туралы Nature Human Behavior ғылыми журналында жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журнал мәліметінше, зерттеушілер тәжірибе жүргізген, оған шамамен 1,5 мың адам қатысқан. Қатысушыларға қойылған міндет - студенттердің бір күнін қалай өткізгені туралы айтқан видео жазбаларды көріп, кімнің өтірік айтып тұрғанын анықтау болған.
Тәжірибеге қатысушылардың кейбірі "өтірік детекторы" ретінде түйсігін пайдаланған. Алайда бұл әдіс пайдасыз болып шыққан.
Ал енді бірі студенттердің әңгімесіндегі кейбір жайттарға - оқиға орнын баяндауына, әрекеттеріне, қандай да бір нысанға, уақытына назар аударған. Бұл әдіс жақсы нәтиже көрсеткен. Тәжірибеге қатысушылар осы жайттарға назар аударып, кімнің өтірік айтып отырғанын 80 пайыз анықтап шыққан.
"Адам өтірік айта бастаса әңгімесіне қандай да бір артық, сәйкес келмейтін жайттар қосып айта бастауы мүмкін", - делінген зерттеу жұмысында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!