"Адам шошитын жайт". Алматыда 11 жастағы бала зорланғаны мәлімделді

Алматыда емдеу мекемелерінің бірінің дәрігері 11 жастағы бала зорланғанын мәлімдеді. Ақпаратты "НеМолчиKz" қоғамдық қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, зардап шеккен бала туысымен бірге дәрігерге келген.

"Дәрігер қарап, оның бірнеше рет зорланғанын түсінген. Балаға хирургиялық көмек қажет. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашпаймын, бірақ ол адам шошитын жайт", - деп жазды қор басшысы Дина Таңсәрі.

Полицейлер мұндай дерек тіркелгенін растады. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Тергеу амалдарын Медеу ауданының полицейлері жүргізіп жатыр.

"Тергеу барысында қажет сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, істің шынайы мән-жайы анықталады. Баға беріліп, дерек расталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қабылданады", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.