Америкалық Southwest Airlines әуе компаниясының жолаушысы өзін адам саудасының құрбаны деп жариялап, ұшақ бортында бүлік шығарған. Видео ұлыбританиялық Daily Mail-де жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Желіде жарияланған кадрларда әйел ұшақ бортында "Мен адам саудасының құрбаны болдым!" деп айқайлайды, кейін ол өзін тыныштандырмақ болған бортсерікке шабуыл жасайды.
Үш экипаж мүшесі жолаушылардың көмегімен әйелді ұстайды. Ол "Егер сіздің отбасыңыз кепілге алынса, сенбеңіз, олар эмоционал түрде манипуляция жасайды, бұл өтірік" дейді әйел видеода.
Өкінішке қарай, ұшақтан түсіркеннен кейін әйелге не болғаны және оның шын мәнінде адам саудасының құрбаны болғаны нақтыланбаған.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мұрын неге жиі қанайды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз