“Адам өртеніп жатыр“: Құлсарыда гараждан шыққан өрт көлікті де шарпыған

Атырау облысында гараждан шыққан өрт көлікті де шарпыған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео тарады. Видеода "адам өртеніп жатыр" деген дауыс естіледі. Ал кадрда көлік өртеніп жатқаны, сондай-ақ, өртеніп жатқан адам жүгіріп бара жатқаны көрінеді.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, 5 ақпанда сағат 22:31-де Жылыой ауданы Құлсары қаласы Ж.Надиров көшесінде орналасқан сарайға жапсарлас салынған гараждан өрт шыққан.

"Салдарынан 42 шаршы метр гараждың төбесі өртеніп, ішінде тұрған көліктің алдыңғы бөлігі жанған. Өрт сағат 22:28-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге 6 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды", - деп жазылған ведомство жауабында.

Десе де ТЖД өкілдері оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. Редакция өңірдің Денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!