- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам өлтірді деген...
Адам өлтірді деген шетелдік Павлодарда ұсталды
Фото:
polisia.kz
Полиция кісі өлтірді деген күдіктіні Павлодарда ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс орталығында ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Павлодар полициясының жедел қызметкерлері кісі өлтірді деген күдікке ілінген шетелдік азаматты ұстады.
"Өзбекстанда ер адам ауыр қылмыс жасағаны анықталды, бірақ Қырғызстан Республикасында сот төрелігінен қашып кеткен.
Содан кейін Қазақстанға келген. Қазіргі уақытта күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Өзбекстан Республикасына жіберіледі", - деді Павлодар облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дәулет Макин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина