- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам өлімі болған...
Адам өлімі болған Есіктегі атыс: күдікті ұсталды
Алматы облысының полицейлері Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданында болған атысқа қатысушылардың бірін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ұсталған 30 жастағы ер адам болып шықты, ол қамауға алынған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам - қылмысқа қатысы бар күдікті.
"Полиция оқиғаның қалған қатысушыларын ұстауға бағытталған жедел іс-шараларды жалғастырып жатыр. Бұл іс Қылмыстық кодекстің үш бабы - "Адам өлтіру", "Кісі өлтіруге оқталу" және "Қару қолдана отырып бұзақылық жасау" бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық іздестіру барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, 23 шілдеге қараған түні Есік тұрғындары қала көшелерінен мылтық даусын естіген. Тексеруден кейін полиция 18 және 30 жастағы екі ер адам оқ жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілгенін анықтады. Кейінірек зардап шеккендердің бірінің қаза болғаны белгілі болды.
Ж. Қадыржанова