Салауатты өмір салтын ұстану үшін күніне қанша рет тамақ ішу керек? Бұл туралы түрлі пікір бар. Кейде тіпті дәрігерлердің өздері әртүрлі пікір айтады. Кейбіреулер күніне үш рет тамақтану пайдалы деп санайды, ал біреулер күніне бес рет тамақтанғысы келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Гастроэнтеролог Диляра Лебедеваның айтуынша, қарқынды жаттығу жасамайтын немесе физикалық ауыр жұмысы істемейтін сау адамдар күніне екі-үш рет тамақтанса жеткілікті.
Гастроэнтеролог таңғы ас, түскі және кешкі асты қамтитын үш мезгіл тамақтанудың төрт себебін атады. Бұл мына жағдайларға көмектеседі:
"Тек дәрігердің айтқандарымен немесе диетолог таңдаған жеке тамақтану жоспары болған жағдайда ғана бұл өзгеруі мүмкін", - деп қорытындылады Диляра Лебедева.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз