- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам лық толы...
Адам лық толы автобустар: Алматыда неге қоғамдық көлік жетіспейді?
Алматы әкімдігі өкілдері қоғамдық көлік неліктен жетіспейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Күнделікті Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде қала тұрғындарының ішінде адам лық толы автобустарға шағымданатын видеолары жарияланады. Бұл жайт қарбалас уақытта, әсіресе, таңертең, кешке үнемі қайталанады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әкімдік мәліметінше, көп жағдайда қозғалыс аралығының жиілеуі қала жолдарындағы жағдайға байланысты болады. Алматыда жолаушылар саны жұмыс күндері 1,5 миллион адам болады, демалыс күндері шамамен 700-800 мың адамға жетеді.
"Жолаушылар саны мен өтініштерді талдау нәтижесіне сәйкес, автобустардағы адамның көбеюі бойынша ең ауыр жүктеме қарбалас уақытта қала маңында жүретін маршруттарда байқалды. Жолаушыларды көбірек қамту үшін әкімдік қала маңындағы елді мекендерді (Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандары) Алматы қаласымен байланыстыратын, тұрақты қала маңында жүретін 22 жаңа маршрут ұйымдастырды. Көлік саны 300-ден асады. Сонымен қатар, 20-дан аса қалалық маршруттың схемасы қала маңындағы аймақты қамтиды, бұл агломерация аумағын қоғамдық көлікпен қамту көлемін арттырады. Жаңа автобустар іске қосылды", - делінген басылымның ресми сұрауына берілген әкімдік жауабында.
2023 жылы Алматы қалалық Мобилділік басқармасы жаңа бағыттарды кезең-кезеңімен ашуды жоспарлап отыр. Бүгінде Алматыда 158 тұрақты қала және қала маңында жүретін маршрут бар, оларға жоспар бойынша 2079 автобус тартылған. Бірақ техникалық себептерге байланысты 1950 автобусқа дейін қысқарады. Ал қажеттілік шамамен 1200 автобус болады.
"Автобус жетіспеушілігі мәселесі жаңа автобустар сатып алынып, шешіліп жатыр. Мысалы, кейінгі бір айда жеке тасымалдаушы 100 көлік сатып алды, қазір олар ең көп жүретін бағыттарға қызмет көрсетеді. 2023 жылы Алматы қаласы әкімдігі 300 жаңа автобус сатып алуды және 100 троллейбусты жаңартуды жоспарлап отыр, жеке парктер газбен жүретін 150 автобус сатып алып жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар, 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған Қалқаман метро станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Батыс бағытта "Барлық" базарына дейін метро құрылысы жалғасып жатыр. 2022 жылғы мамырда екі жаңа метро станция пайдалануға берілген, ал жолаушылар көлемі екі есеге артқан, яғни бүгінде күніне 90 000-ға жуық жолаушы тасымалданады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова