Қазақстандық модель Аяулым Шалқар "Batyr Jamal Talks" youtube-арнасына берген сұхбатында танымалдылығының кері әсер тигізгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әр ай сайын Қазақстанға келу ауыр тиген.
"Шетелде оқыған кезімде мені ешкім танымайтын. Көшедегі көптің бірі болып жүре беретінмін. Ал әлеуметтік желіде басқа әлемім болды. Қазақстанға келген сайын күйзеліске түсетінмін.Жылына екі рет келетін болдым. Қоғамның қысымы қатты болды. Әлі күнге дейін адам көп жиналған жерге бармауға тырысамын. Олардың ортасында болуды әлі күнге дейін үйренбегенмін. Мүмкін бұл ортада өмір сүрмегендіктен болар. Қазір бұл күйім жақсарды деп айта аламын", - деді ол.
Ол қазақстандық аудитория саны бұрынғыға қарағанда өскенін атап өтті.
"Қазақстанда бұрын ондай болмады. Қазір адамдардың көпшілігі таниды, сен жайлы айтады. Адамдардың ортасынан қашқаным, оларды көргім келмейді деген сөз емес, жай ғана маған ыңғайсыздық тудырады. Тіпті біреумен танысып, қарым-қатынас құрғың келсе де міндетті түрде сені біреу таниды, көреді. Бәрінің шынайы болғанын қалайсың ғой, алайда маған олар аңдып отырған сияқты көрінеді. Жұмыс барысымен ер адамдармен немесе достарыммен жолықсам да неше түрлі әңгімелер тарап кетеді", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!