- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Адам кінәлі болуы...
"Адам кінәлі болуы мүмкін". Атыраудағы қамыс неден өртенуі мүмкін екені айтылды
"Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерваты бөлімінің басшысы Ғани Ағыбаев Атыраудағы қамыс не себепті өртенген болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Ағыбаев ӨКҚ брифингінде теңіз таяз болған жағалау учаскелерінде өсімдіктер өртеніп жатқанын айтты. Оның сөзінше, өртке адам немесе табиғи фактор себеп болуы мүмкін. Бірақ бір күн бұрын найзағай болмағанын ескерсек, өрт адамның кінәсінен болды деген күдік бар.
Табиғи резерват басшылығы құқық қорғау органдарына арызданды, ол бойынша тексеру басталды.
Еске салайық, Атырауда бүгін екінші күн қатарынан қаланы көк түтін басып жатыр. Түтін салдарынан қалада жол көрінбей қалған. Тұрғындар түтінге енді күкірт қосылып, далада жүру мүмкін болмай отырғанын айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина