“Адам қайтыс болған“. Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталып кетті

“Адам қайтыс болған“. Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталып кетті
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шымкентте пәтер иесі жалға беру барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Шымкентте пәтерін жалға берген адам қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

А. есімді тұрғын пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берген. Салдарынан пәтерде газ кетіп, пәтерді жалға алушы Б. көмірқышқыл газынан уланып көз жұмған.

Сот шешімі

Биыл 18 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пәтер иесін ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.  

"Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың міндеті барын көрсетеді. Жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget