- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам қайтыс боларының...
Адам қайтыс боларының алдында өлетінін біледі, бірақ оны айта алмайды - Нұрлан имам
Имам Нұрлан Байжігітұлы адам қайтыс боларының алдында өлетінін білетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Имамның бұл жайлы түсіндірген видеосы TikTok-та тарады.
"Адам қайтыс болардың алдында өзінің өлетінін біледі. Бірнеше күн бұрын немесе бірнеше сағат бұрын көзінің алдына көрінеді. Бұрынғы ата-бабаларымыз тақуалығы сондай дәрежеге жеткен, олар тіпті қоштасқан. Кейін біздің заманымыздағы адамдарға көрсетіледі. Ол адам өлетінін біліп, бәрімен сөйлесіп "өлем" деп айтайын десе айта алмайды. Бірақ басқа сөздің бәрін айтып, телефонмен хабарласып, қоштасады. Мұны қазақта "бой жазу" дейді", - деп түсіндірді имам.
Нұрлан имамның сөзінше, адам қайтыс болатын күні оның қасына бірнеше періште келеді екен.
"Бірінші періштеге Алла бұйрық беріп, "жеп-ішетін тамағын қараңдар, тамағын бітті ме? Мен жазған тамақты жеп бітпейінше жанына тимеңдер" десе періште бәрін түгел аралап көріп, "я Алла сен пешенесіне жазған нәсібінің бәрін жеп бітті" дейді екен. Екінші періштеге "баратын, көретін адамдарының бәрін көріп бітсін. Ол бітпесе жанына тимеңдер" десе періште аралап көріп "көріп бітірді" дейді екен. Үшіншісіне "ауасы қалып қойған жоқ па? ауасы бітсін" дейді екен. Сонда періште "сен жазған ауаны бітірді" дейді екен", - дейді Нұрлан имам.
@jannat_joly #☝️ ♬ оригинальный звук - ☪Islam_kz
Төртінші періште ғана адамның жанын алады.
"Үшеуі бір жерге жиналмаса ұшақ құлап тірі қалып жатқандарды көріп жатырсыздар. Неге? Себебі көретін жарығы бар, жеп-ішетін нәсібі бар, атқаратын жұмысы бар. Құдай әлі тағдырын бітірмеген. Тағдыры бітсе, сандықтың ішіне тығып қойсаң да, Израильге апарып емдеймін десең де, Германияға апарсаң да өлетін жерінде өледі", - дейді имам.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина