Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?

Мандарин Жаңа жылдық дастарқанның символы әрі көптің сүйікті жемісінің бірі. Алайда оны шектен тыс жеудің ағзаға өзіндік зияны бар. Күніне қанша мандарин жеуге болады? Massaget.kz тілшісі деректерді ақтарып көрді. 

Ғаламтордағы кеңестерге сенсек, адам ағзаға шектен тыс цитрус мөлшеріне кері реакция беруі мүмкін. Бұл жағдайда мандариндердің құрамын қарастырып көрейік.

Цитрус жемістерінде лимон қышқылы бар. Бұл бір жемістің қышқылдылығын рН 3,8-ден 4 рН-қа дейін құрайды. Ал мандариндердің тәттілігі қышқылдың аз екенін білдірмейді. Керісінше, өте тәтті мандариндер дене үшін ең қышқыл тағам болуы мүмкін. Мандариндердің көп мөлшері гастрит, колит және ойық жараларды, сондай-ақ әртүрлі аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Ғаламтордағы деректерге сенсек, мандариндердің "өлтіретін дозасы" 5 келі. Ал мандаринді бір жегендегі рұқсат етілген шегі - 4 дана. Яғни бір отырғанда 4 данадан артық мандарин жемегеніңіз абзал. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!