Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?

Шайдың ағза үшін қауіпті мөлшері сусынның белгілі бір түріндегі кофеиннің құрамына байланысты. Мысалы, қара шайда бір шыныаяққа шамамен 40-70 мг, ал көк шайда - 20-45 мг бар. Бұл туралы гастроэнтеролог Евгений Белоусов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Риамоға" сілтеме жасап.

"Адам үшін кофеиннің өлімге әкеп соқтыратын мөлшері шамамен 10 грамм - бұл 100 кесе кофеге тең. Ал шайға келетін болсақ, өлімге әкеп соқтыратын мөлшер шайдың белгілі бір түріндегі кофеиннің құрамына байланысты болады", - деді дәрігер.

Оның айтуынша, ықтимал қауіпті мөлшерге жету үшін қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде шай ішу керек.

Денсаулыққа қауіп төндірмеу үшін дәрігер күніне үш-төрт кесе ғана шай ішуге кеңес берді. Ол қара және көк шайды қалыпты мөлшерде ішу сусынның құрамындағы антиоксиданттар мен басқа да пайдалы заттардың арқасында ағзаға пайдалы болуы мүмкін деген соңғы зерттеулердің нәтижелерін келтірді.

Еске салайық, бұған дейін шайды қай кезде ішуге болмайтыны хабарланған болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз