- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам жоғалса не...
Адам жоғалса не істеу керек?
Жоғалған адам туралы хабарламаны қайда, қалай? Адамдар қандай себеппен жоғалуы мүмкін? Адам жоғалғанда не істеу керек? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Еgov.kz порталындағы мәлімет бойынша, адам жоғалса, бірден "102" нөміріне қоңырау шалып, полицияға немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарлауыңыз қажет. Сондай-ақ, оның жоғалған сәттен 3 күн өткеннен кейін полицияға хабарлау - қате әрекет. Адамның жоғалғанын сезсеңіз, барынша жылдам әрекет ету керек.
Адам жоғалғанда не істеу керек?
Адам жоғалып кеткен жағдайда, "102" нөміріне қоңырау шалып, полицияға немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарлауыңыз қажет.
Полицияға қажет маңызды құжаттар:
● жоғалған адамның жеке деректері: аты, тегі, әкесінің аты, жасы, шашының түсі, меңі, тыртығы, дене әшекейі сияқты ерекше белгілері;
● адам жоғалған кездегі қандай жағдай болғаны туралы мәліметтер.
Егер бала жоғалса, онда полицияға мүмкіндігінше тезірек хабарласу керек. Полиция адамның қашан және қайда жоғалғанына қарамастан, өтінішті дереу қабылдауға және тіркеуге міндетті.
Мұндай өтінішті беру үшін уақытша шектеулер жоқ.
Адам жоғалып кеткен сәттен бастап 3 күн өткеннен кейін ғана полицияға жүгінуге болады деген қате пікір. Осы уақытта өзіндік шағын-тергеу жүргізуді бастау керек: достарына, әріптестеріне хабарласып, адамның жақсы көретін орындарына бару, күн сайын жүретін жерін бақылау керек.
Хабар-ошарсыз кеткен адамды өз бетінше қалай табуға болады?
● мамандандырылған интернет-сервистердің көмегімен іздеу;
● ерікті волонтерлерді тарту;
● іздестіру туралы парақшаның макетін әзірлеу, әлеуметтік желілерде (қалалық пабликтер, мамандандырылған топтар) хабарламаны бөлісу;
● жергілікті БАҚ-қа іздестіру туралы ақпарат жіберу;
● арнайы парақшалар жабыстыру;
● мерзімді қоңырау шалу және мүмкіндігінше медициналық мекемелерге бару;
● мәліметтерді зерттеу.
Қай уақытта алаңдай бастау керек?
Барлығы жағдайға және жоғалған адамның әдеттегі мінез-құлқына байланысты.
Көбіне адам үйден дүкенге шығып, жұмыстан үйге кетіп, меңзеген жеріне жетпейді; үйге үйреншікті уақытта келмейді.
Бұдан басқа,
● адам ұзақ уақыт байланысқа шықпауы,
● достары мен туысқандары оның қайда екенін білмеуі,
● жұмыс орнында болмауы,
● жоғалған адамның құжаттары, сондай-ақ, оның заттары мен ақшасы да үйде болуы алаңдауға негіз болады.
Осы себептердің кез келгені алаңдау үшін негіз бола алады және осы себептермен хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздестіру туралы өтінішпен полицияға жүгінуге болады.
Егер кәрілік деменция, психикалық ауытқулармен азап шегетін адам жоғалса...
● болған жағдай туралы пациент есепте тұрған медициналық мекемені хабардар ету;
● ауруханаларға қоңырау шалу;
● адамның серуендеп жүретін сүйікті орындарын жүріп өту;
● іздеуге ерікті ұйымдарды тарту.
Жоғалған адамның психикалық ауытқушылығы бар екені туралы полиция қызметкерлерін ескерту керек, кейбір жағдайларда мұндай адамдар өздері айналасындағыларға қауіпті болуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған баланың жоғалуын алдын алу үшін...
● әрқашан баланың қайда баратынын, кіммен бірге жүретінін және үйге қай уақытта қайтатынын білу;
● ата-аналар мен полиция байланысына ұялы телефонда "жылдам теру" опциясын орнату;
● балаларды жиі суретке түсіру;
● балалар үйден шыққанда киген киімін есте сақтау;
● балаға оның аты мен мекенжайын үйрету;
● баламен жеке қауіпсіздік шараларын сақтау туралы үнемі әңгімелесу;
● кәмелетке толмаған бала форс-мажор жағдайында көмек алу үшін кімге жүгінетінін айту;
● егер ұялы телефоны болса, оның иесінің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы қосымшаны орнату қажет.
Қарттардың жоғалуын алдын алу үшін...
● үйде егде адамның денсаулық жағдайына және қабылдайтын препараттарға қатысты медициналық құжаттардың көшірмелері болуға тиіс;
● зейнеткер баратын барлық орыннан хабардар болған жөн.
Егер егде адамда деменцияның басталғанын білдіретін барлық белгі болса, онда оның заттарының қалтасында (сөмкеде, портмонеде) ол туралы деректерді (аты-жөні, туған-туысқандарының байланыстары) қамтитын жазбаның болуын немесе мұндай мәліметтерді киім заттарына тігуді ойластыру қажет.
Адамның орналасқан жерін қосылған мобильді құрылғы арқылы анықтауға болады. Әрбір ұялы құрылғыда жеке IMEI код бар.
IMEI кодты мұнда онлайн тексеруге болады: IMEI тіркеуді тексеру сервисі.
Абоненттің орналасқан жері мәліметтер және қоңырауларды нақтылау - жеке ақпарат, сондықтан оларды арнайы СОТ рұқсатын алғаннан кейін алуға болады. Егер адам шетелде жүргенде жоғалса, жергілікті полицияға және дипломатиялық өкілдікке (елшілікке) жүгіну қажет. Елшілік жергілікті полиция жұмысын келіседі, жоғалған азаматтың туыстарымен байланыс жасайды, қажетті өтінішті жазу мен құжаттарды жинау кезінде көмек көрсетеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек