Терапевт ревматологқа жазылу керек десе, бұл сізде ревматизм бар дегенді білдірмейді. Мұндай дәрігерлер денсаулықтың әртүрлі мәселелерімен айналысады. Бұл туралы ревматолог Татьяна Гульева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Ревматолог не емдейді?
Ревматологтар - буындарға, теріге және ішкі мүшелерге байланысты мәселелерді емдейтін дәрігерлер.
Ревматологтар мына ауруларды анықтайды және емдейді:
- ревматоидты артрит;
- псориатикалық спондилит-псориаз;
- подагра;
- Бехтерев ауруы;
- Шегрен ауруы;
- васкулиттер;
- ревматикалық полимиалгия;
- дерматомиозит;
- жүйелік склеродерма;
- реактивті артрит;
- остеопороз және т.б..
Олардың белгілері қандай?
Ревматологқа баруды қажет ететін симптом - буын мен омыртқадағы ауырсыну.
- Буындар ісініп, қызаруы.
- Теріде бөртпе пайда болуы.
- Лимфа түйіндері үлкеюі.
- Құрғақ тері мен шырышты қабаттар.
- Ұзақ уақыт дене қызуы көтерілуі.
- Көздің және ішектің қабыну аурулары.
- Шырышты қабық пен тері жаралары.
- Бұлшықеттердегі ауырсыну және әлсіздік.
- Тромбоздар.
- Бала көтере алмау.
- Сүйек сынуы.
"Кез келген дәрігер қан талдауынан ауытқу байқаса, ревматологқа жібере алады: терапевт, дерматолог, хирург, травматолог, кардиолог, гастроэнтеролог, невропатолог, эндокринолог, уролог", - деді Татьяна Гульева.
Ревматологтың диагностикалық әдістері әртүрлі. Олар: қан мен зәр анализі, рентген, КТ, МРТ, ультрадыбыстық, артроскопия, денситометрия. Кейде биопсия да қажет болуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова