- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам етінен дайындалған...
Адам етінен дайындалған фаст-фуд сатылып жатқаны рас па?
Instagram-да Финляндияда көшедегі дәмханалардың бірінде "адам етінің дәмі қосылған" гамбургерлер сатылатыны туралы репортаж жарияланды. Онда Еуропаның бұл елінде каннибализм заңдастырылғанының белгісі екені айтылған. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода 2018 жылғы қазанда "РЕН TV" телеарнасында шыққан репортаж көрсетілген. Тілші промоакция туралы айтады. Оны "Жүре алатын өліктер" сериалының тоғызыншы маусымын шығарғандар ұйымдастырған.
Адамдардың назарын қорқынышты телехикаяларға аудару үшін Хельсинкиде Наринккатори алаңында бірнеше сағатқа фудтрак қойылды. Онда ерекше тағам дайындалды. Лондондық аспаз Том Вулф қонақтарға "адам етінің дәмі бар" гамбургер ұсынды.
Журналиске берген сұхбатында ол рецептіні әзірлеу үшін адам етін жеп көргендердің жазбаларын арнайы зерттегенін айтты. Вульф сиыр, шошқа етінен және тауық бауырынан котлет жасаған. Әрине, оның құрамында адам еті болған жоқ.
Промоакцияның ерекше атмосферасын көрермендер де қолдады. Олар мерекеге зомби сияқты киініп келді. Вулф дайындаған тағамды жеп көргендер басқалармен өз әсерін бөлісті. Біреулер ет тауық етіне немесе тунецке ұқсайды десе, басқалары оны бұзау еті деп ойлаған.
Бұған сүйене отырып, Финляндияда адам етінен гамбургерлер сатылмағанын түсінеміз. Бұл - танымал телесериалдың жаңа маусымының шығуына орай көрермендерді барынша көп тарту үшін ұйымдастырылған шара.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек