- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам аптап ыстықта...
Адам аптап ыстықта неліктен есінен танып қалады?
Ғалымдардың қорытындысына сүйенсек, шілде - жылдың ең ыстық айы. Адам неліктен аптап ыстықта өзін нашар сезінеді және одан қалай құтылуға болады? Massaget.kz тілшісі ыстық адам үшін қаншалық қауіпті екенін және қызып кетуден қалай сақтануға болатынын анықтап көрді.
Адам ыстықтан өліп кетуі мүмкін бе?
Австралияның Монаш университеті ғалымдарының жүргізген зерттеуі жыл сайын әлемде 150 мыңнан астам адам ыстықтан өлетінін көрсетті. Өлім-жітімнің көп бөлігі Азия елдерінде екен, бірақ Еуропадағы өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі әр 10 миллион тұрғынға 655 өлімге тең.
Жеңіл киінген, белсенді адам үшін ең қолайлы ауа температурасы +18-ден +22 градусқа дейінгі диапазон. Бірақ шілдеде ауа температурасы бұдан әлдеқайда жоғары.
Естен тану дегеніміз не?
Естен тану - жүрек пен тыныс алу белсенділігінің әлсіреуімен бірге жүретін кенеттен қысқа мерзімді сананың жоғалуы. Бұл мидың тез дамып келе жатқан анемиясында пайда болады және бірнеше секундтан 3-4 минутқа дейін созылады.
Ыстық өту көбінесе ыстық, тымық ауа райында болады. Ыстыққа әсіресе ыстыққа төзбейтін немесе ауыр физикалық жұмыстармен айналысатын адамдар сезімтал келеді. Ыстық өтудің пайда болуына ауа жібермейтін және дененің булануын кешіктіретін қара киім ықпал етеді.
Неліктен адам ыстықта есінен танып қалады?
Ыстықта адам көп сұйықтық жоғалтады, онымен бірге минералды тұздар шығарылады. Денедегі су-тұз балансының бұзылуы жүректің жұмысындағы үзілістерге әсер етеді, электролит балансының айқын бұзылуы тіпті жүрек қызметінің уақытша тоқтауына әкеп соқтыруы мүмкін.
Жүрек соғысы бұзылған кезде жүрек-қантамыр жүйесінің маңызды қызметі - қоректік заттар мен оттегіні қан арқылы бүкіл денеге органдар мен тіндерге жеткізу бұзылады. Оттегінің жетіспеушілігіне (гипоксияға) ең сезімтал орган - ми. Ми гипоксиясының бас айналу, естен тану, сананың жоғалуы секілді белгілері бар.
Ыстықта естен танудың қалай алдын алуға болады?
Ыстық ауа райында есінен танып қалмауға көмектесетін бірнеше қарапайым ереже бар:
- қарапайым су, шырын көбірек ішіңіз;
- жеңіл, ашық түсті киім киіңіз;
- күндіз күн сәулесінен аулақ болыңыз;
- бас киім киюді ұмытпаңыз;
- салқын душ қабылдаңыз, бірақ ол 5 минуттан аспауы қажет.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бауыр ауруларын қай дәрігер емдейді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә