- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адам әлеуметтік желіде...
Адам әлеуметтік желіде отырған кезде, мида не болады?
Барлық ескертуге қарамастан, ересек адам әлеуметтік желіде күніне 2 сағат 27 минут өткізеді. Бұл қазіргі заманның шындығы. Алайда әлеуметтік желілер адамның миына әсер ететінін ұмытпаған жөн. Сондықтан Massaget.kz тілшісі біз жаңалықтар арнасын қайта-қайта жаңартқан сайын мида не болатынын анықтап көрді.
Ми бізді көбірек ақша жұмсауға мәжбүр етеді
Егер сіз ақша үнемдегіңіз келсе, қадамыңызды ұялы телефоныңыздан әлеуметтік желіні өшіріп тастаудан бастаңыз.
2013 жылы жүргізілген зерттеу қарызы көп адамдар, сондай-ақ дене салмағының индексі жоғары, жақын достарымен "күшті байланысы" бар адамдар арасында әлеуметтік желіні қарқынды пайдалану арасындағы тікелей байланысты растады.
Зерттеу авторлары мұның бәрі эмоцияға деген құштарлық деп санайды.
Аштық дабылын жібереді
Егер әлеуметтік желіні қарап отырғаннан кейін бірден қарныңыз ашса, бұл сезімге сенбегеніңіз абзал. 2015 жылғы зерттеу нәтижесіне сүйенсек, ми желідегі тәбет ашатын суреттерді көргенде оны нақты тағам ретінде қабылдап, соған сәйкес жауап береді, яғни аштыққа жауап беретін гормондар бөледі. Тіпті біз бір сағат қана бұрын тамақтанып алсақ, тіскебасар бірнәрсе жегіміз келіп тұрады.
Сыйақы орталықтары іске қосылады
Біздің желіге жүктелген суреттеріміз бен видеоларымыз оқырмандарымызға ұнаған кезде, марапаттау орталығы іске қосылады, яғни іргелес ядро белсендіріледі және нейротрансмиттер дофамин шығарады. Бұл сезімді аз мөлшерде желінген шоколадтың ләззатымен салыстыруға болады, бірақ егер сіз бұл батырманы жиі басатын болсаңыз, нақты тәуелділік пайда болуы мүмкін.
Сұр заттың көлемі өзгереді
Әлеуметтік желіні үздіксіз қарап отыру ми құрылымына әсер етеді. 2018 жылы Social Neuroscience журналында жарияланған зерттеу онлайн әлеуметтік желінің көлемі мен сұр заттың таралуы мен көлемі арасындағы корреляцияны растады.
Сонымен, әлеуметтік желіні көп уақыт қарайтын адамдарда, әдетте, мидың әлеуметтік-семантикалық міндеттермен байланысты аймақтарындағы сұр заттардың мөлшері көбірек болады: әлеуметтік топ мүшелерін тану, олардың жағдайы мен себептерін түсіну.
Ми көп тапсырманы орындау қабілетін жоғалтады
Біз әлеуметтік желіде бір уақытта неғұрлым көп әрекет жасасақ, тапсырмадан тапсырмаға ауысу қабілетіміз соғұрлым нашар болады және шынайы өмірде бір уақытта бірнеше әрекетті жасай алмай қаламыз. Сондықтан, байыпты жұмыс жоспарлағанда, әлеуметтік желіні өшірген дұрыс.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кәуапты қалай маринадтайды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә