- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Адал еңбек, маңдай...
"Адал еңбек, маңдай тер". Жолда жуа сатқан ауыл баласы Қазнетті тамсандырды
Таудан жуа теріп, жол бойына сатуға шыққан бала Қазнетті тамсандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Суреттерді фотограф Ернар Алмабек түсірген. Автордың айтуынша, жылдың осы уақытында сөгетіліктер жуа жинауға шығады. Ол таң болғандықтан кейіпкерді іздеп, тау ішін біраз аралауға тура келгенін айтты.
"Ауылға өтіп бара жатып бір кейіпкерді суретке түсіре кетейін дедім. Таң болғандықтан көп ешкім шықпаған екен. Бір сәтте жолдың арғы бетінде отырған Айарысты байқап қалдым", - дейді видео авторы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеодағы кейіпкер - Айарыс. Ол 10-сыныпта оқиды. Таудан жуа теріп, сатуға шығып жүргеніне 6 жыл болған. Айарыстың айтуынша, бұл жұмысы сабағына кері әсерін тигізбейді.
"Демалыстарда шығамын. Түстен кейін келіп, бір күн теріп, екінші күні сатып кетеміз", - дейді видео кейіпкері.
Видео бір күнге жуық уақытта 40 мыңнан аса қаралым жинаған. Желі қолданушылары баланың еңбегін бағалап, көпке үлгі екенін жазып жатыр.
"Адал еңбек, маңдай тер! Ауылдың қарапайым баласы! Фотолар керемет", "Қазақ жігіттерінің көздері мөлдіреп тұрады осы, әсіресе ауыл жігіттерінің. Сосын ұяңдық пен қайсарлық араласқаны ұнайды біздің жігіттерде. Жарайсың, еңбегің жана берсін!", Ата-анасына кредитке айфон алдыртып, ұстап жүрген қазіргі балаларға үлгі ретінде көрсететін нағыз еңбекқор бала екен. Бетінде жасандылық жоқ. Қарапайым екен. Жарайсың! Армандарың орындала берсін!", "Болашақта бай болатын жігіт! Жарайсың, азамат!" - дейді оқырмандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан