- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ада Молгачева: "Альпинистер...
Ада Молгачева: "Альпинистер тау шыңын бағындырдым деп айтпайды"
ARU LIFE жобасының жаңа қонағы – Алматы альпинизм федерациясы президиумының мүшесі, Қазақстан тау клубы жаттықтырушысы Ада Молгачева. Ол жүргізуші Ольга Спиринаның кәсіби және жеке қызығушылығындағы маңызды сұрақтарға жауап берді.
ARU LIFE жобасының серіктесі – Аltel мобильді операторы.
Тауға шығып жүргендер Ада Молгачеваны жақсы біледі. Оны көпшілік қазақстандық альпинистердің анасы деп те атайды. Басында әзіл ретінде айтылғанмен, кейіннен шынға айналып шыға келді. Себебі ол тауға шығатын жандар үшін жан-тәнімен алаңдайды. Әр тауға шыққан жанның өмірі, денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарайды.
Мен альпинизм мектебі мен секциясын ұйымдастырып дайындаймын, одан өткендердің көбі біздің тау клубымыздың қатарына қосылады. Олардың бәрі ересек адамдар, ал үйретуге келгенде бәрі де бала секілді болып кетеді. Балаларды тәрбиелеп жатқандай боламын. Соңғы рет дайындықты шыңдап, экспедицияға жиналғанда оларда қорқыныш болды. Бұл олардың алғаш рет биіктікті бағындыруға аттанғалы тұрғаны еді. Мен де балаларымды шығарып салғандай болдым. Олар мен «Ада ана» деп атайды. Әлеуметтік желіде де солай әзілдеп жүр. Қазақстандық альпинистердің анасымын десем артық айтқаным болар, бірақ өзім дайындаған, тәрбиелеген жандардың анасындай болып кеттім деп айта аламын, - дейді Ада.
Молгачева альпинизмге кеш келген. Қызын босанып, университет аяқтағаннан кейін барып қолға алған. Алғаш рет 2003 жылы 23 жасында биіктікті бағындырған. Араға жиырма жыл салып ол әр шың жайлы таңдандыра айтатын дәрежеге жетті.
Альпинистер тауды бағындырдым деп айтпайды. Шың – ол үлкен әрі биік. Оны бағындыру мүмкін емес. Тау орнында тұрады, ол ешқайда қозғалмайды, біз барып жоғары көтеріліп, тұрып, сосын кері түсеміз. Мен өрмелеп қайттық деп айтамын, - дейді Ада күлімдеп.
Альпинизм қателікті кешіре бермейді, оның үстіне биіктіктен қорқатындар да көп. Бұл жайында спортшы өз кеңесін ұсынады.
Биіктіктен қорқу – бұл нағыз сақтану, қорыққан дұрыс. Адам биікке өрмелегеннен кейін, ауыр психологиялық күй кешеді, ол қорыққаннан қозғала да алмай қалады. Менде ондай жағдай болмаған. Адам өзінде ондай қорқыныш барын құзға шықпай тұрып білмеуі де мүмкін, - дейді.
Бағдарлама кейіпкері өзінде судан қорқатын фобия барын мойындайды. Бақытына орай, ол суда емес, тауда құтқарушылықпен айналысады.
Осы айда біздің тауда бес бірдей құтқару жұмыстары болды. Негізі бұлай көп болмайтын, көбісін айта да бермейтінбіз, себебі ол біздің жұмысымыз. Бірақ осы тамыз-қыркүйек айлары қиындау болды, кей жағдайлар резонанс та тудырды. Абай шыңына шыққан қыз аяғын сындырып алды, бір жігіт жамбасынан жарақаттанды. Біз тауда қиын жағдайда қалғандардың аман-есен түсуін қамтамасыз етеміз, - дейді альпинист.
Ада Молгачева кейінгі уақытта тауда жас альпинсит қыздарды да көп кездестіретінін айтады. Бұл оны қуантады.
Қазір көп жас қыздар тауға шығады. Менің бағалауым бойынша, қыздардың жартысына жуығы келеді, олар өте белсенді және еркін. Қазір көбінің мұнымен шұғылдануға мүмкіндіктері бар. Ер балалар болса тауға шығудан бөлек рафтинг, шаңғы, велосипед, параплан сынды спортқа қызығып кетеді. Алматыда мұндайдың түр-түрі бар, ал қыздарға тауға шыққан ыңғайлы әрі әдетке айналдырып алады, - дейді жаттықтырушы.
Молгачеваның барлық альпинистер сияқты өзінің жеке рекордтары бар және жаңа биіктерге өрмелеуді армандайды.
Мен шыққан ең биік шың – Ленин шыңы, 7 134 метр. Бұл Сіздер үшін таңғаларлықтай болғанмен, әлемде альпинистер үшін жоғары көрсеткіш емес. Бұл қиындығы көп маршрут емес. Біздің жолдардың қиындығына қарай деңгейлері бар, 1В, 2А – 6В-ға дейін, соңғысы ең қиыны. Менің деңгейім – 5А. Спорттағы альпинизм үшін бұл аса жоғары нәтиже емес. Биік альпинизм туралы айтатын болсақ, онда мен барлық жерде өрмелеуді армандаймын - Белухаға барғым келеді. Одан да жоғары сегіз мың метрге дейін өрмелегім келеді, оған шамам жетеді дей аламын. Біреудің биіктікке қалай шыдайтыны - бұл жеке шаруасы, менің шегім қандай, 8000 метрге шықсам ары қарай не болады деп те ойлаймы, - дейді Ада.
ARU LIFE жобасының серіктесі – Аltel ұялы байланыс операторы. Аltel Қазақстанда 4G-ден 10 есе жылдам істейтін 5G технологиясын дамытуда.
Серіктес материалы
Massaget.kz