Сауд Арабиясы тұрғыны Абдулла әл-Салми Катарда өтіп жатқан Әлем Чемпионатын тамашалау үшін 1600 шақырымды жаяу жүріп өтті. Бұл туралы ВВС жазды.
Абдулла әл-Салми Сауд Арабиясының Жидда қаласынан Катардың астанасы Дохаға жаяу барды. Оның бүкіл сапары 55 күнге созылды. «Мен әрқашан Әлем Чемпионаттарын көргім келетін, бірақ ол өте алыс жерлерде өткізілетін, Оңтүстік Африкада, Бразилияда, Ресейде болды. Бірақ араб ретінде мен араб елінде өткен бірінші әлем чемпионатын көруім керек болды, бұл мен үшін үлкен мәртебе», - деп түсіндірді жанкүйер ВВС-ге берген сұхбатында.